AlmatyBike қолданушыларының назарына маңызды ақпарат!


Қалалық AlmatyBike велосипедті жалға алу жүйесінің веложабдықтарына қатысты жол-көлік оқиғаларының, салғырттық пен вандализм актілерінің жиілеп кетуіне байланысты, барлық қолданушыларды жүйе қолдануға арналған рұқсатты (жеке ID және PIN-код) үшінші тұлғаларға бермеуге шақырамыз!
Қалалық велосипедтерді жалға алу шартының 3.1. тарапына сәйкес өз міндеттерін үшінші тұлғаларға бермеуге, мүлікті кепілге беруге немесе мүлікті өзгеше түрде билік етуге міндетті. Велосипедті қалыпты тозуды есептемегенде, техникалық пайдалану қағидаларын және жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып ғана пайдалануға.
Шартты бұзу фактілері анықталған жағдайда, AlmatyBike қолданушылардының абонементін мүлдем өшіруге мәжбүр болады.
Жоғарыда айтылғанның негізін ала отырып, даулы мәселелер (ЖКО, жоғалу, тұраққа дұрыс қоймау және т.б.) туындаған жағдайда Қор алдында тіркелген қолданушылар жауапты болады.
Сізден жауапкершілік танытуыңызды және велорсипедті жалға алу жүйесінің шарттарын сақтауыңызды сұраймыз.
18.09.2020 18:10