AlmatyBike қолданушыларының назарына маңызды ақпарат!


Алматы қаласындағы қатаң шектеу шараларын енгізу жағдайында, AlmatyBike велосипедті жалға беру жүйесі көліктің қосымша түрі ретінде өз жұмысын 24/7  режимінде жалғастыруда. Осылайша, велосипедтерді тәулік бойы пайдалануға болады.
Сонымен қатар, 45 минуттық тегін жалға беру уақыты 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін жалғасатынын жариялаймыз (11 шілдеден бастап тегін жалға беру уақыты 30 минутты кұрайды).
Сату бөлімінің кестесі өзгертілді: Дүйсенбі-Жұма 10:00-ден 17:00-ге дейін, үзіліс уақыты 14:00-ден 15:00-ге дейін. Демалыс күндері сату бөлімі жұмыс істемейді.
Техникалық қолдау тәулік бойы +77020008060 нөмірі бойынша қол жетімді.
Қалада карантин режимін сақтау туралы естен шығармаңыз, ұсынылған шараларды ұстаныңыз және өзіңізді сақтаныз!

13.07.2020 18:49