ЖИІ КОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Жоқ, жүйені пайдалану шарттарына сәйкес жалға алудың бір таңдалған түрі бойынша пайдалануға құқық береді, яғни, карта бойынша немесе СМС код бойынша. Сонымен қатар, жалға алу түрін таңдау кезінде жалға беру жүйесінің баға саясатымен танысу қажет.
Өкінішке орай, бір карта бойынша тек бір велосипед алуға болады.
Велосипедті қайтару барысында ол дұрыс орналастырылмаған болар. Осыған байланысты, оны әлдекім дұрыс бекітпейінше жалға алу жалғаса береді.
Сату бөлімінде тіркелу барысында сіздің почталық мекенжайыңызға жеке кабинеттің паролі бар хат түседі, онда сіздің почталық мекенжайыңыз сіздің логиніңіз ретінде болады. Сіз осы логин мен пароль арқылы сіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз және Сіздің картаңыз бойынша жүрулер тарыхымен таныса аласыз.
Абонементтің жалпы сомасына тіркелу сәтінде таңдалған баланс сомасы және кепілдік сомасы кіреді. Абонемент мерзімі өткен кезде кепілдік сомасы нақты жалға алу сомасы ескерілумен, сіздің шотыңызға қайтарылады
Смс бойынша велосипедтерді жалға беру жүйесі шот бойынша баланс толтыруды көздемейді.
Кез-келген сыну жағдайында жүйе клиенті велосипедті жақын тұрған жалға беру пунктіне қайтаруы тиіс (оның техникалық күйіне байқау жүргізу және жөндеу үшін). Осы пунктте басқа велосипед алып, жүруді жалғастыруға болады. Сыну туралы клиенттерге қызмет көрсету орталығына мына телефон бойынша хабарлау қажет +7 702 000 80 60.
Назар аударыңыз: Велосипед жалға беру пунктіне қайтарылмайынша, сіз оны пайдаланғаныңыз үшін төлемді жалғастырасыз
Сіз клиенттерге қызмет көрсету бөліміне мына телефон бойынша хабарласуыңыз қажет +7 702 000 80 60
Жоқ. Алғашқы 30 минут ақысыз ұсынылады. Әрине, Сіз 30 минут өткен соң да жалға алуды жалғастыра аласыз, ал қосымша уақыт үшін жалға беру жүйесін пайдалану үшін төлем шегеріледі (абонемент төлемінен басқа). Кез-келген ұзақтықтағы жалға алу құнының бағалық саясаты бойынша ақпаратты сіз біздің сайтымызда 'Жалға алу' қосымша бетінде біле аласыз. (http://almatybike.kz/tarif)
Біз осындай жағдайды болдырмау үшін барлық күшімізді саламыз. Егер жалға беру пункті толы болса, клиент велосипедті жақын тұрған жалға беру пунктіне қайтаруы тиіс.
Егер «almatybike» жалға беру пунктінде немесе велосипедте болса, онда бұл туралы біздің клиенттерге қызмет көрсету бөлімімізге мына телефон бойынша хабарлау қажет +7 702 000 80 60. Егер қозғалыс қауіпсіздігінің кедергісі қалада болса, онда 102 пунктіне хабарлау қажет.
Жоқ, сақтандырылмағансыз. Барлық жауапкершілік клиентке жүктеледі.
Жоқ! Велосипедте басқа адамды тасуға тыйым салынады. Велосипед тек бір адамның пайдалануына тағайындалған.
Абонементті тоқтатуға болмайды. Абонементтің иесі жеке кілтін «almatybike» қызметтерін алу үшін (чип) басқа тұлғаға бере алады, бірақ бұл орайда велосипедті пайдалану жауапкершілігі төлеушіге жүктелетіндігін ескеру қажет, бұл ережелермен белгіленген.
Біздің клиенттерге қызмет көрсету бөліміміз телефон бойынша дүйсенбіден жексенбіге дейін 10.00-дан 21.00-ға дейін уақыттарда жұмыс істейді.
    Ол сізді өз жеке велосипедіңізді сатып алу және сақтау қажеттілігінен, оның тоналуынан қауіптенуден және үйге тасудан босатады.
    Велосипедте жүру қалада қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік береді.
    Поездка на велосипеде более экономична, чем использование частных автомобилей, она экономит время на ожидание в пробках и деньги на оплату стоянки.
    Велосипедте жүру – бұл негізінен спортпен айналысу түрі, жағымды әрі бір уақытта пайдалы.
Велосипедтерді жалға беру жүйесіне тәулігіне 24 сағат қол жетімді.
Велосипедті жақын тұрған 'almatybike' жалға алу пунктінде алуға болады, ал сізге қолайлы кез-келген пунктте қайтаруға болады.
'almatybike' велосипедтері – бұл жаңа үлгідегі машиналар, заманауи және қауіпсіз. Олардың барлығында 3 жылдамдық, бірегей өлшем болады және әйелдерге де, ерлерге де пайдалануға болады. Орындығын биіктігі бойынша реттеуге болады. Велосипедтер фарлармен және жарық шағылдырғыштармен, ластан қорғайтын қалқандармен, жеке заттарға арналған кәрзеңкемен және басқа қажетті заттармен жасақталған.
Станцияларды, олардың орналасқан жерлерін сіздер 'Бекеттер' қосымша бетінде қарай аласыз ( http://almatybike.kz/velostation )
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Өз сұрағыңызға жауап таппасаңыз - бізден сұраңыз.